Қарасор — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі аумағындағы көл.

Гидрографикасы Аумағы 44,3 км2, ұзындығы 17,2 км, енді жері 5 км, жағалау бойының ұзындығы 78,7 км. Батыстан шығысқа қарай созылған. Көлге Бала түндік өзені құяды. Қар, жаңбыр суларымен толығады.

Жағалау сипаты Жағалауы жазық, әр түрлі астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Мал жайылымына қолайлы. Кей жерлері егістікке пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ертіс су алабы Санат:Екібастұз көлдері