Пантиелев Алексей (Абель) Наумович (18.06.1913 жылы туған, Орел) - орыс совет жазушысы. 1944 жылдан КПСС мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысты.

Оқу орны 1938 жыл - Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген.

Әңгімелері «Сел», «Атыспен жасалған үйлену тойы» т.б. әңгімелері Отан соғысы, ұшқыштар, конструкторлар туралы жазылған.

Аудармалары Пантиелев Алексей Наумович қазақтың көрнекті жазушысы М.О.Әуезовтің «Өскен өркен» романы мен «Түнгі сарын» драмасын, «Қилы заман», «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу» атты әңгімелерін, «Үнді очерктерін» орыс тіліне аударып, көптеген шетел тілдеріне аударылуына себепші болды. Пантиелев Алексей Наумович бұдан басқа Ә.Әбішевтің «Кім менің әкем?» пьесасын, өзбек тілінен А.Мұхтардың «Апалы-сіңлілерін», «Қарақалпақ повесі» атты кітаптарын аударды.

Марапаттамалары Пантиелев Алексей Наумович Қызыл жұлдыз, «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдарымен марапатталған.

# Жазылған жылы Шығармасы 1. 1949 «Алғашқы апта» 2. 1971 «Ертістен өту» 3. 1975 «Ай да емес, күн де емес» 4. 1955 «Тасқын» 5. 1968 «Ақ құс» Певец великой степи (М.О.Ауэзов)«Знамя», 1974 №9«Знамя», 1950, №1Ланобль Г., Повесть о людях трудаШтут С,. Изображение рабочего класса в современном советском романе«Дружба народов», 1956, №1Сергованцев Н., Возвращение к герою«Огонек», 1968, №44Финк Л., В борьбе и битве, «Литературская Росия», 1969, №2

Дереккөздер