Джейден Кристофер Сайер Смит — американдық актер, биші, рэпер. "Бақытты аңсау", "Жер тоқтап қалған күн", "Каратэ-бала", "Біздің заманнан кейін" фильмдерінде түсу арқылы әлемге танылды.

Өмірбаяны Джейден Смит 1998 жылы 8 шілде күні Малибуда Уилл Смит пен Джада Пинкетт Смит отбасында дүниеге келді. Қарындасы Уиллоумен бірге үйде білім алады. Джейден мен Уиллоу Африкада ЖИТС ауруымен ауыратын балаларға көмек көрсету үшін бағытталған қайырымдылық шарасымен айналысатын Hasbro компаниясының жас елшілері.

Мансап Кино әлеміне қадам 2006 жылы әкесі Уилл Смитпен бірге түскен "Бақытқа деген ұмтылыс" фильмінен басталды. "Бақытқа деген ұмтылыс" фильміне түсу арқылы 2007 жылы MTV Movie Awards жүлдесіне иеленді. 2008 жылы Киан Ривзбен бірге "Жер тоқтап қалған күн" фильміне түсті. 2010 жылы "Каратэ бала" фильмінде Джеки Чанмен бірге басты рөлді сомдады. "Каратэ бала" фильмі 300 млн. доллар қаржы жинады.

Рэпер ретінде Джастин Бибермен өлең айту арқылы танылды.

2013 жылы Джейден алғаш рет Санкт - Петербургте "Біздің заманнан кейін" фильмінің премьерасында, әкесі Уилл Смитпен бірге болды.

Фильмография Жыл Қазақша атауы Ағылшынша атауы Рөлі 2003 - 2004 сБәріміз All of us Реджи 2006 ф Бақытты аңсау The Pursuit of Happyness Кристофер Гарднер 2008 с Зак пен Кодидің Балғын Өмірі The Suite Life of Zack & Cody Трэвис 2008 ф Жер тоқтап қалған күн The Day the Earth Stood Still Джейкоб Бенсон 2010 ф Каратэ-бала Тhe Karate Kid Дре Паркер 2011 ф Джастин Бибер: Ешқашан Деме Ешқашан Never say never камео 2013 ф Біздің заманнан кейін After Earth Китай Рэйдж 2018фСкейт-ас бөлмеSkate KitchenДевон 2020фБір жылдағы өмірLife in a YearДэрин

Дереккөздер Бәрін де біл! Джейден Смит