thumb|right|200px|Хуано Мануэль Маркес Хуан Мануэль Маркес (; 23 тамыз 1973, Мехико, Мексика) — мексикалық кәсіпқой боксшы, жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Жартылай орта салмақтағы (WBA нұсқасы, 2003—2006; IBF нұсқасы, 2003—2005; уақытша WBO, 2006), 2-ші жартылай жеңіл салмақ (WBC нұсқасы, 2007—2008), жеңіл (WBO нұсқасы, 2009—2010; WBA нұсқасы, 2010) және 1-ші жартылай орта салмақтағы (WBO, 2012) әлем чемпионы. Рафаэль Маркестың ағасы.

Кәсіпқой мансабы 1993 жылы мамырда жартылай жеңіл салмақта кәсіпқой рингтегі дебютін жасады. Дебютті айқасында отандасы Хавьер Дураннан жеңіліс табады. Бірнеше жылдар бойына мансабында үзіліс болады. 1997 жылы ақпанда алғашқы титулды кездесуін өткізді. Американдық Седрик Мингоны мерзімінен бұрын жеңіп, жартылай жеңіл салмақтағы WBO және NABO атақтарын иеленді. 1999 жылы қыркүйекте жартылай жеңіл салмақтағы WBA нұсқасының жеңіліс көрмеген чемпионы Фредди Норвудпен қолғап түйістірді. Маркес 2-ші рет жеңіліс тапты. 2002 жылы наурызда Маркес элиминаторда IBF атағы үшін айқаста Робби Педенды жеңді. 2003 жылы ақпанда бос IBF атағы үшін айқаста 7-ші раундта Мануэль Мединаны нокаутпен тізе бүктірді.

Санат:Мексика боксшылары Санат:1973 жылы туғандар Санат:23 тамызда туғандар Санат:Жартылай жеңіл салмақ боксшылары Санат:Екінші жартылай жеңіл салмақ боксшылары Санат:Жеңіл салмақ боксшылары