Марқұз Бұйрық хан - Керей ұлысының ханы. Керейлер Марқұз Бұйрық тұсынан бастап моңғол тайпаларымен етене жақын достықта болған.
Цзинь еліне қарсы жорықтар Цзинь мемлекетіне бағынышты болғандықтан және шығыс жағындағы көрші татарлармен арадағы бейбіт келісімнің болмауынан еш жарасымды болмады. Сондықтан көршілес екі тайпа Марқұзды аңдаусызда қолға түсіріп, Цзинь еліне ұстап береді. Ақырында Алтан хандығы Марқұзға өлім жазасын қолданады. Сонда керейлер Марқұз Бұйрықтың кегін қайтару үшін татарларға екі мәрте соққы береді.
Керейлердің христиан дінін қабылдауы Ауыр шайқастардың бірінде қайтып келе жатқан Марқұз қолы шөл далада адасып кетеді. Қалың әскердің алдында не істерін білмей қатты қиналып келе жатқан Марқұз Бұйрық ханның көзіне буалдыр бейне елестеп, қолымен жол сілтейді. Сол бейне сілтеген бағытпен жүре берген керей сарбаздары шөл даланың қақ ортасындағы суаттың үстінен түседі. Осы оқиға ел арасында кең тарап Мервтегі христиан дінін уағыздаушыларға да жетеді. Олар Марқұз Бұйрық ханға жаушы жіберіп христиан дінін қабылдауға үгіттейді. Олар жаушы арқылы суатқа нұсқаған бейненің Сергий әулие екенін айтады. Уағызға ден қойған хан халықты христиан дінінің несториан бағытына кіргізеді. Өзі Марк есімін иеленді. Санат:Керейт хандары