Қоскөл – Қараторғай өзені алабындағы көл.
Географиялық орны Арғанаты тауларының солтүстік-батыс бөлігінде. Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қорғасын ауылының солтүстік-шығысында 43 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 443 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 5 км2, ұзындығы 2,8 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 8,2 км, ең терең жері 2,3 м, су көлемі 7 млн. м3, су жиналатын алабы 56 км2. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Жауын-шашын және жер асты суларыменг толығады. Мал суаруға пайдаланылады.
Жағалау сипаты Жағалауы жазық, қамыс, құрақ өскен. Солтүстігінде Қамыстыкөл көлі, шығысында Ханым, оңтүстігінде Сарыадыр, батысында Қайыңдышоқы таулары бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы көлдері Санат:Торғай су алабы