Қарасай – Сарысу алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 73 км, су жиналатын алабы 1680 км2.
Бастауы Бастауын Сарыарқаның оңтүстік бөлігіндегі Желдітау сілеміндегі бұлақтардан алып, Мұңлы тауының шығысында Көктас өзеніне құяды.
Гидрологиясы Аңғары кең. Қар және жер асты суларымен толығады. Көктем айларында ғана арансында ағын болады. Суына мал суарылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы