Сарыбұлақ – Шу алабындағы өзен.
Географиялық орны Жамбыл облысының Мойынқұм, Сарысу аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 127 км, су жиналатын алабы 3720 км2.
Бастауы Бетпақдаланың оңтүстік бөлігіндегі аласа төбешіктерден басталып, Көкқайнар ауылы тұсында тартылып қалады.
Гидрологиясы Қар суымен толығады. Жағасы аласа жарлы. Көктемде арнасында 10-15 күндей ағын болып, жазда тартылып, су тапшы жылдары құрғақ арнаға айналады. Жылдық орташа су ағымы Ақбастауға құяр тұсында 0,05 м3/с.Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Дереккөздер
Санат:Мойынқұм ауданы өзендері Санат:Сарысу ауданы өзендері Санат:Шу су алабы