Сарыөлең – Тоқырау алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 35 км.

Бастауы Дуақтас тауының беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіледі. Қаршығалы өзеніне құяды.

Гидрологиясы Жоғарғы ағысында тау өзені , төменгі бөлігі жазық өзені сипатын алады. Жағасы жайдақ, түбі құмдауытты. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірдің аяғында тасиды, шілдеде төменгі деңгей орнайды. 1 саласы (Кеңасу өзені) бар , ұзындығы 15 км. Ақжарық және Кеңасу ауылдарын ауыз сумен жабдықтауға пайдаланылады. Өзен алабында шабындық жерлер мол.Қазақ энциклопедиясы, 7 том

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы