Толымбек Ғабділәшімұлы Ғабділәшімов (24 тамыз 1950 жыл) - саясаткер, Қазақстан патриоттары партиясы төрағасы, медицина ғылымдарының докторы.
Білімі Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген, дәрігер. «Әділет» жоғары құқық мектебі заң академиясын бітірген, заңгер. Қызмет жолы Онкология және радиология Қазақ ғылыми-зерттеу институтында учаскелік дәрігер, дәрігер-хирург, бөлім меңгерушісі Қазақтың дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институты онкология кафедрасының ассистенті, профессоры Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Денсаулық сақтау комитетінің консультанты Қазақстан Республикасы МАК химиялық, биологиялық, медициналық және ауылшаруашылық ғылымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сенат Аппараты комитеттермен жұмыс істеу бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен баланың денсаулығын қорғау бағдарламаларын үйлестіру бөлімінің бастығы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заң шығарушылық қызмет және мониторинг орталығының, заң жобалау жұмыстары орталығының сектор меңгерушісі, Заңнама бөлімінің бас консультанты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеген. ҚР Парламент Сенаты аппараты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі меңгерушісі.Толымбек Ғабділәшімұлы Ғабділәшімов 2015 жылдың тамызынан - Қазақстан патриоттары партиясы төрағасы.Патриоттар партиясының төрағасы
Марапаттары Үш медальмен, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:24 тамызда туғандар Санат:1950 жылы туғандар Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері