Жалтыр – Есіл алабындағы көл.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы жерінде, Көкшетау қыратының солтүстік-батыс жағында, теңіз деңгейінен 152,6 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 13,5 км2, ұзындығы 5,7 км, енді жері 3,1 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Жағасы жайпақ, батпақты. Қараша – сәуір аралығында мұзы қатады. Суы тұзды. Көктемде мал ішуге жарамды. Алабы – шабындық, жайылым.
Санат:Шал ақын ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы көлдері