Құмдыкөл — Сырымбет шоқ қарағайының солтүстік-батысындағы тұйық тұщы көл.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Шоққарағай ауылының солтүстік-батысында 6 км жерде орналасқан. Теңіз дегейінен 223 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 6,3 км2, ұзындығы 3,1 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұзындығы 9,1 км. Су жиналатын алабы 104 км2. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Қараша айының соңында су қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді.
Жағалау сипаты Жағалауы ойпатты келген. Түбі тегіс, тұнба шөккен. Солтүстігінде Ақбас, оңтүстік-батысында Жетікөл көлдері орналасқан. Көл жағалауы жайылым және шабындық ретінде пайдаланылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Айыртау ауданы көлдері