Қарағайлы, Қарғалы – Алакөл алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысының Үржар ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 71 км, су жиналатын алабы 542 км2.

Бастауы Қарағайлы Тарбағатай тауының (Қызасу тұсы) оңтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Елтай ауылы тұсында Үржар өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғары тау аралығында шатқалды. Арнасы тік жарлы, 4-5 м. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Көктемде су деңгейі көтеріледі. Жылдық орташа су ағымы жоғарғы ағысында 0,79 м3/с. Егін суғарылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Үржар ауданы өзендері Санат:Алакөл су алабы