Абдырық немесе Абдырақ () — Қарғалықтар тұқымдасының ең ұсақ түрлерінің бірі. Түсі сұрғылт, қанаттары мен құйрығында қызғылтсары рең басым.

Таралуы Еуразияның қылқанжапырақты ормандарында кең таралған. Батыстан шығысқа қарай Сахалинге дейін кездеседі, бірақ Камчатка мен Курил аралдарында болмайды. Қазақстанда тек Алтай таулы ормандарында кездеседі.

Биологиялық сипаттамасы Дене ұзындығы 26-30 см. Қанаттары қызғылт сары реңді, құйрығы сатылы, Мұнысы әсіресе ұшқанда жақсы көрінеді. Жеңіл әрі шусыз ұшады және құйрығын желпуіш сияқты тарқатады. Сенгіш құс, әсіресе күзде, қыста адамды бірнеше метрге дейін жақындатады. Дауысы сыңғырлаған "куук-коок" немесе "черр", кейде қараторғай сияқты мыңғырлайды.

Уақытының көбін ағаштың ұшар басында өткізеді. Сонда қылқанды ағаштар тұқымымен, қоңыз, жұлдызқұрт және басқа жәндіктермен, тіпті ұсақ омыртқалылар (кеміргіштер, жертесерлер, кесірткелер) және ұсақ құстармен де қоректенеді.

Ұясы ағашта, жылы төсенішпен жабдықталған. Өйткені олардың ұялауы сәуір, мамыр айларында, ауа райының қолайсыз мерзімінде басталады. Ұядан балапандары мен бірге жер ауыстырады да, соңынан жұп болып, немесе дара болып көшеді.

Наурыз басталысымен ағаш бөрікбасына ұясын жасырып, жасылдау, теңбілді 3–5 жұмыртқа салады. Жұмыртқасын аналығы 16-17 күнде басып шығарады. Балапандары ұясында 40 күндей болады, балапандары тамызда қанатына қонып, ұядан ұшады.

Тіршілігі аз зерттелген, барлық жерде сирек, барынша қорғауға лайық құс.Алматыкітап Атамұра 2012Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Hans-Günther Bauer, Einhard Bezzel und Wolfgang Fiedler (Hrsg): Das Kompendium der Vögel Mitteleuropas: Alles über Biologie, Gefährdung und Schutz. Band 2: Passeriformes – Sperlingsvögel, Aula-Verlag Wiebelsheim, Wiesbaden 2005, ISBN 3-89104-648-0

Санат:Қарғалар Санат:Еуразия құстары