Теңіз шүрілдек () - Татрең тұқымдасының Шүрілдектер тегінің биологиялық түрі. Шағын денелі (30-40 г шамасында) шүрілдек. Үйлесіміз үлкен басы, қызғылтсары қарғысы және жемсауындағы жалпақ қара жолақтың орнында қапталындағы екі теңбілді денесін жерден көтеріңкі ұстайды.

Дүние жүзіне кең таралған: Еуропа, Азия, Африка, Австарлия және Солтүстік Американың теңіз жағалауына, сондай-ақ көптеген аралдарға қоныстанады. Қазақстанда әсіресе оңтүстік бөлігінде ұялайды, ұшып өткен кезде барлық жерде кездеседі. Көлдер жағасын бойлай қатты сортаңдарға, сондай-ақ құмдауыт және тасмалталы үлескілерге ұялайды. Салындыда көбінесе 4 жұмыртқа болады. Жұмыртқаларды басу кзеңі және соңынан балапандарға қамқорлық жасау 25 күнді алады. балапандарға ата-енелері қамқорлық жасайды"Құстар" мектеп энциклопедиясы А. Ф. Ковшарь, В. А. Ковшарь.

Дереккөздер

Санат:Татреңтәрізділер Санат:Еуразия құстары Санат:Солтүстік Америка құстары Санат:Оңтүстік Америка құстары Санат:Африка құстары Санат:Аустралия құстары