Әлітау – Мұғалжар тауының оңтүстік сілемдерінің бірі.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Ұзындығы 5 км, ені 3 км, абсолюттік биіктігі 354 м. Етегінің жер бедері жыралы сай болып келеді, бор-палеоген кезеңдерінің бор-мергельді және құмдақты - саздықты шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі Сортаң келетін топырағында тасбұйырғын, боз жусанды, сораңды өсімдіктер өседі. Бұл өңірді Шалқар ауданы мал азығын дайындау үшін пайдаланып келеді."Шалқар" энциклопедиясы.

Дереккөздер

Санат:Байғанин ауданы таулары