Халифа-түл-Мәсіх (; ; қазақша аудармасы «Мәсіхтің Мұрагері» немесе «Мәсіхтің ісін жалғастырушы Орынбасары»), кейде жәй ғана халиф делінеді, - ол, бүкіл әлемдік Ахмадия Мұсылман Жамағатының рухани басшысы және Мырза Ғұләм Ахмед Қадианидің ісін жалғастырушы орынбасары болып табылады. Ахмадия Мұсылман Жамағатының сенімі бойынша, Халифа-түл-Мәсіхті Құдайдың өзі таңдайды. Жамағат мүшелері оны «Амирүл-муминин» (яғни, Мүміндердің әміршісі) деп атайды. Қазіргі уақытта Халифа-түл-Мәсіх лауазымы Мырза Масрур Ахмедке тиесілі.
Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болған соң, оның орынбасарлары Ахмадия жамағатын Қадианнан басқарып отырды. 1947 жылға дейін Қадиан елді мекені жамағаттың орталығы болды. Пәкістан мемлекеті құрылған кезде Ахмадия жамағатының орталығы Рабваға ауыстырылды. Рабва қаласы, Пәкістанда, 1948 жылы Ахмадия жамағаты сатып алған жерге жаңадан тұрғызылған қала болатын. 1984 жылы Пәкістан үкіметі №ХХ-ші қаулысын қабылдады, бұл қаулы бойынша Халифа-түл-Мәсіх өз міндетін атқара алмайтын болды. Сол бір заманда Хилафат институтына (яғни, Уәделенген Мәсіх әрі Имам Мәһдидің (ісін жалғастыратын) Орынбарлықтың рухани Институтына) қауіп төне бастады. Сол себепті Төртінші Халифа-түл-Мәсіх Мырза Таһир Ахмед Пәкістаннан көшіп, Англияның Лондон қаласына қоныс тепті. Осылайша, Ахмадия Мұсылман Жамағатының басты орталығы уақытша Лондонға, «Әл-Фазыл» мешіті тұрған жерге ауыстырылды.Khilafat, the Successorship of Prophethood — The Guided Khilafat — Khilafat-e-Ahmadiyya
Қысқаша шолу
Ахмадия жамағаты мүшелерінің сенімі бойынша, Ахмадия хилафаты – ізгілікті Хилафаттың ("Хулафаур-Рашидин") қайта жаңғырған түрі. Олардың пікірі бойынша, ізгілікті Хилафат Мырза Ғұләм Ахмедтің келуімен қайта орнатылғанХилафат начатый путём Пророчества. youtube.com, өйткені ол, ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, үмметке уәде етілген Мәсіх әрі Имам Мәһди болғанды. Ахмадилердің айтуы бойынша, осы тақырыпқа қатысты Құран аяттары мен көптеген хадистердегі мәліметтерге сай, Халифатты орнату ісі - тек Алла Тағаланың құзырындағы іс. Бұл, Алланың қалауына мойынсұнған, әрі Құдайдың Бірлігін нығайтқан, әрі ізігі амалдар жасаған пенделеріне берілген Құдайдың нығметі болып саналады. Ал кімде кім, Алланың қалауынсыз, тек адами күш-ынталарына сүйеніп, өз араларынан Халифті сайлау арқылы Халифат орнатуға талпынатын болса, Алла Тағала оларға ұзақ жетістік әсте бермейді. Олардың тағдыры жалған пайғамбарлар мен олардың жақтастарының тағдырын қайталайтын болмақ.
Ахмадилердің пайымы бойынша, Халифке әлбетте мемлекет басшысы болу міндет емес. Халиф, ең бірінші кезекте, исламды нығайту және оны жер жүзіне тарату мақсатында, сонымен қатар Мұхаммед пайғамбардың ﷺ орнатқан әлемдік үмметі аясында жоғарғы рухани және ахлақтық қағидаттарды жандандыру үшін қызмет ететін рухани-діни лауазым. Өйткені, Мұхаммед пайғамбардың ﷺ өзі, жәй ғана саяси лидер болып қойған жоқ, ол бірінше кезекте – діни лидер болған. Егер Халифке мемлекет басшысы болып қызмет ету міндеті жүктелетін болса, онда бұл, оның Халиф ретіндегі жалпы функциясына тек қосымша міндет болып қосылады.http://www.alislam.org/library/books/Khilafat-e-Rashida.pdf Khilafat-e-Rashidahhttp://www.alislam.org/egazette/updates/the-islamic-khilafat-its-rise-fall-and-re-emergence/ The Islamic Khilafat — Its Rise, Fall, and Re-emergence
Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Алла Тағаланың берген уәдесіне сай, Хилафат, олардың ізгіліктігі мен Құдайға деген имандарына қарай, Қиямет күніне дейін жалғасын таппақ. Бүкіл Жамағаттың өркендеуі үшін, Халиф бірлік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және ахлақи бағыт-бағдар береді. Халиф өзінің міндетін "Шура" (кеңес беру органының) мүшелерімен ақылдасу негізінде атқарады. Дегенмен, ол кеңес мүшелерінің пікірлерін қабылдауға міндетті емес. Халифа-түл-Мәсіх барлық діни және ұйымдастырушылық сұрақтарды шешуге өкілетті. Ол Құран мен Сүннетке сай шешім шығарып, әрекет етуіге міндетті.
Қудрату-с-Санийя (Құдай құдіретінің екінші көрінісі)
Ахмадилердің пікірі бойынша, Уәделенген Мәсіхтің Халифалық тізбегі Құдай құдіретінің екінші көрінісі болып табылады екен. Бұл жайында Мырза Ғұләм Ахмед өзінің «Әл-Уәсийят» атты өсиет кітабында былай деп жазады:
Дегенмен, «Лахорлық Ахмадия қозғалысы» деген атаумен белгілі тағы бір ахмадилік топ бұл ұстанымды жақтамайды. Олардың пайымы бойынша, дәл осы кітапта сипатталған жетекшілік жоғарғы кеңеске бағынуы керек.
Құран мен хадистердегі негіз
Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Құранда Құдай Тағала ізгілікті адамдар үшін Өзінің халифасын тағайындауға уәде берген. Бұған қатысты, Құранның Нұр сүресінде былай делінген:
Ізгілікті Хилафаттың қайтадан қалпына келуі жайындағы Мұхаммед пайғамбардың ﷺ көріпкелдігі «Мұснад Ахмедте» баян етілген.
Сайлау жүйесі
Ахмадия Мұсылман Жамағатының сенімі бойынша, Хилафат институты атадан балаға мирас болып қалатын жүйе емес, дегенмен, әзірге Бірінші Халифтен басқа, барлық Халифтер Мырза Ғұләм Ахмедтің тікелей ұрпақтары болып келеді. Сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру арқылы Халифті сайлайды. Бұлайша сайлаудың түрін Мырза Бәшируддин Махмұд Ахмед орнатып кеткен. Халифтің тірі кезінде, сайлау комиссиясының мүшелері оның жетекшілігінде болады. Алайда, Халиф қайтыс болған соң, сайлау комиссиясының мүшелері тәуелсіз органға айналып, Уәделенген Мәсіхтің келесі Халифін (Орынбасарын) сайлайды. Сайлау кезінде Халиф болуға лайықты адамдардың есімдері ұсынылады, сол кезде сайлау комиссиясының мүшелері қолдарын көтеріп, ұсынылған есімдерге дауыстарын береді.
Ахмадия Мұсылман Жамағатының Халифтері Рухани лауазымы және есімі Суреті Өмір сүрген кезі Басшылық еткен кезі Қосымша деректер Халифа-түл-Мәсіх I.
Хәкім Мәулви Нұруддин thumb|right|70px 1841—1914 1908—1914 Мырза Ғұләм Ахмедтің көрнекі серіктесі, ол исламды насихат ету үшін Ұлыбританияға алғаш миссионерлерді жіберген. Сондай-ақ ол жамағаттың ішкі келіспеушіліктерін сәтімен шеше білген.Hazrat Al-Haaj Hakeem Maulana NooruddinReview of religions — V75 p172 1980 „The Promised Messiah passed away in 1908 and was succeeded by his foremost votary and closest companion, Hazrat Hafiz Haji Hakim Maulvi Noor-ud- Din as Khalifa-tul Masih I. After his death in 1914, the Promised Son of the Promised Messiah…“Hazrat Al-Haaj Maulana Hakeem Nooruddin (1841-1914) Халифа-түл-Мәсіх II.
Мырза Бәшируддин Махмұд Ахмед thumb|right|70px 1889—1965 1914—1965 Мырза Ғұләм Ахмедтің ұлы, 25 жасында Халиф болып сайланған. Ахмадилердің пайымы бойынша, ол, Құдай Тағаланың Мырза Ғұләм Ахмедке беремін деп «уәде еткен ұлы». Ол Ахмадия Мұсылман Жамағатының ұйымдық құрылымын құрастырған және Үндістан субконтинентінен тысқары жерлерде уағыз-насихат жүргізу жұмыстарын кеңінен қолға алған.Hazrat Mirza Bashir-ud-Din Mahmood Ahmad (1889-1965)https://www.alislam.org/library/mahmood1.html Халифа-түл-Мәсіх III.
Мырза Нәсир Ахмед thumb|right|70px 1909—1982 1965—1982 Бұл кісі, Пәкістанның Ұлттық ассамблеясында Ахмадия жамағаты тарапынан сөз сөйлеген. Ол, Пиреней түбегінен мұсылмандар қуылған заманнан 750 жыл өткен соң, Испанияда тұрғызылған ең алғашқы мешіттің ірге тасын қалаған.http://en.wikipedia.org/wiki/Basharat_Mosqu Ол, Ахмадия Мұсылман Жамағатының негізін құрған Мырза Ғұләм Ахмедтің көрген аян-түстерін, уахиларын және әңгімелерін жинап топтастырған.https://www.alislam.org/library/nasir1.html. Халифа-түл-Мәсіх IV.
Мырза Таһир Ахмед thumb|right|70px 1928—2003 1982—2003 Бұл кісі, Ахмадия жамағатына қатыгез қудалаушылық заманында басшылық еткен. Жамағаттың орталығын уақытша Рабвадан Лондонға көшірген. Ең алғашқы мұсылмандық жерсерікті «МТА International» арнасын (яки, Мұсылмандық Ахмадия Телеарнасын) іске қосқан.Muslim Television Ahmadiyya (MTA) Live Streaming Халифа-түл-Мәсіх V.
Мырза Масрур Ахмед thumb|right|70px 1950- 2003- осы уақытқа шейін Бұл кісі, жамағатқа, қазіргі әлем жұртшылығы Исламға үрке қараған заманда басшылық етіп келеді. Ол татулық орнату мақсатында бейбіт түрдегі конференциялар мен симпозиумдарды жиі өткізеді. Біртектес «МТА-2» және «МТА-3 әл-Арабия» жерсерікті арналарын іске қосқан.MTA International | MTA3 Al-Arabia daily program schedule
Хилафаттың жүзжылдығы thumb|right|400px| Ахмадия Хилафатының 100 жылдығына арналған эмблема. Үстінде арапшадан аударғанда: "Алла сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге; өздерінен бұрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті" -деп жазылған. 2008 жылдың 27 мамырында, Ахмадия мұсылман жамағатының мүшелері Ахмадия Хилафатының жүзжылдық мерейтойын атап өтті.Independent , UK - 27 мамыр 2008 Осыған орай, Лондонның (Англия) «Эксел» орталығында өткен Ахмадия жамағаты мүшелерінің үлкен жиналысында Хазірет Мырза Масрур Ахмед үндеу жасады. Сол жерде халықаралық масштабта барша әлемде тұратын ахмади-мұсылмандарының адалдық анттын беру рәсімі орыналды.Centenary Khilafat Ahmadiyya1908 – 2008. The Message from Hadhrat Mirza Masroor Ahmad Khalifatul Masih V.Столетие Ахмадийского Хилафата (27.05.2008). Церемония обета верности. youtube.com Бұл рәсім МТА International (Эм-Ти-Эй интернейшнл) жерсерікті арнасы арқылы дүниежүзіне көрсетілді, және рәсім Мырза Ғұләм Ахмедтің туған жері Қадианмен (Үндістан)және Рабвадағы (Пәкістан) екінші орталықтарымен тікелей қосылған телемост түрінде болды.Return of the Caliphate , Times Online, 27 мамыр 2008Times Online , UK - 26 мамыр 2008Birmingham Post , UK
Дереккөздер
Санат:Халифаттар Санат:Ислам ұйымдары Санат:Ислам тұлғалары