Харальд цур Хаузен (; ж.т. 11 наурыз 1936, Гельзенкирхен, Германия) — неміс медик және ғалым, физиология немесе медицина саласындағы 2008 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, ол бұны Люк Монтаньемен және Франсуаза Барре-Синуссимен бөлісті. Цур Хаузен жатыр мойны обыры дамуындағы папилломавирус рөлін ашты. Қазіргі уақытта — құрметті профессор.
Өмірбаяны Харальд цур Хаузен Гельзенкирхенде, Германияда дүниеге келген, Фехтадағы гимназияға түсіп Бонн университетінде, Гамбургта және Дюсслельдорфта медицинаны зерттеді, және 1960 жылы медицина докторын алды, содан кейін фельдшер болып істеді. Алпысыншы жылдардың ортасында, ол Филадельфияға (АҚШ) көшіп келді, біріншіде ол атақты балалар ауруханасының (Children's Hospital of Philadelphia) вирусология лабораториясында жұмыс істеді, кейін Пенсильвания университетітінде сабақ берді. 1969 жылы Германияға қайтып келіп Вюрцбург университетінде профессор болды, кейінірек Эрланген — Нюрнберг университетітінде, Фрайбург университетітінде (Фрайбург-им-Брайсгау) жұмыс істеді. 1983 жылдан 2003 жылға дейін Гейдельбергте Германия ракты зерттеу орталығын (German Cancer Research Center) басқарды.
Қайнаркөзі
Сілтемелер Нобелевскую премию по физиологии и медицине получили немец и двое французов: за открытие вирусов, вызывающих рак и ВИЧ Нобель комитетінің веб-торабынан ақпарат
Санат:Германия онкологтары Санат:Германия вирусологтары Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Санат:Халықаралық Гайрднер сыйлығының иегерлері Санат:ГДР Ғылым академиясының мүшелері Санат:Гамбург университеті түлектері Санат:Гейдельберг Ғылым академиясының мүшелері Санат:Венгр Ғылым академиясының мүшелері Санат:Леополдина мүшелері Санат:Ғылым және өнер саласындағы жетістіктері үшін Максимилиан Бавария ордені Санат:11 наурызда туғандар