Жанат Күреңбайұлы Байдаралин (13.9.1950 жылы туған, Алматы облысы, Жамбыл ауданы) — балетмейстер.

Алматы хореография училищесін (1968), Мәскеу мемлекеттік театр институтын (1976) бітірген. 1968—1971 жылдары Алматының жас балеті ансамблінде 1976—1982 жылдары Қазақ опера және балет театрында қызмет істеді. Осында Д. Шостаковичтің 5-симфониясына “Ескі фотосурет”, Ф. Пуленкудің музыкасына “Қайта өрлеу” бір актілі балеттерін, М. Сағатовтың музыкасына “Әлия” балетін (А.А. Александров атындағы күміс жұлдыз жүлдесі, (1979) қойды. Байдаралин Мәскеуде өткен 20-Олимпиялық ойындарда (1980), Талас қаласындағы (Қырғызстан) Манас эпосының мыңжылдығына арналған салтанатты жиында (1987), “Евразия—98” кинофестивалінің (Алматы) ашылуында, Қазақстанның жаңа астанасының тұсаукесер рәсімінде өзінің кәсіби шеберлігін таныта білді. Ол рок-балет жанрында әлемде бірінші болып “20 ғасыр” балетін қойып (1985), рок-опера-балет жанрында А. Серкебаевтың музыкасына “Бауырым Маугли” атты бірінші бейнефильм түсірді (1986). Бұл фильмде ол режиссер-балетмейстер болумен бірге, Шерхан биін биледі. Байдаралин—1998 жылдары Қазақстанда өткен қазіргі заман билерінің 1-халықтар фестивалін ұйымдастырушылардың бірі.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Дереккөздер

Санат:Қазақстан балетмейстерлері Санат:1950 жылы туғандар Санат:13 қыркүйекте туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Алматы облысы) туғандар