Балықты, Балықшы — Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл, Балықты ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылынан батысқа қарай 26 км, Састөбе темір жол стансасынан 8 км жерде, Арыс өзенінің оң жағалауына таяу орналасқан. Боралдай жотасының оңтүстігіндегі қуаң агроклиматтық белдемде жатыр. Бұта аралас астық тұқымдас шөптер басым.

Тарихы Іргесі 1872 жылы қаланған. 1974-1993 жылдары “Заветы Ленина” ұжымшарының орталығы болған.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен40734837 5018 103,7 2415 2532 104,8 2422 2486 102,6

Кәсіпорындары Ағаш өңдейтін, ауыл шаруашылығы машиналарын жөндейтін шеберханалар, шарап жасау цехы, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, т.б. өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, мәдениет үйі, кітапхана, туберкулезді емдейтін балалар санаторийі, аурухана, балабақша, т.б. бар. Төңірегінде көне заманнан қалған ғимараттардың жұрнағы, тарихи ескерткіш болып саналатын Төрткүлтөбе бар.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Түлкібас ауданы елді мекендері