Қарамойын сұқсыр () – Сұқсыр үйректер тұқымдасының Сұқсырлар туысына жататын жоны – қошқыл, қаралтым, бауыры – ақ, орташа денелі (300-420 г) құс. Бастың екі жағында татреңді сарғыш қауырсындар будасы орналасқан.

Қамыс, қоға, құрақ өскен тоқтау сулы немесе су нашар ағатын жазықтық суқоймаларда, Қазақстанның бүкіл аумағына дерлік қарамойын сұқсырлар орын тебеді. Бұлар – сұқсырлар ішіндегі ең қауымшыл құстар: 5-6-дан бірнеше жүздеген жұптарға дейін шоғырлар түзіп. Олардың арақашықтығын 1 метрге дейін алшақтата қоныстанады. Су маңындағы шағалалар, қырқылдақтар, үйректер тәрізді басқа құстармен көршілес жайбарақат өмір сүреді. Суда қалқып жүретін ұяларына 3-6 ашық жасылдау түсті жұмыртқа салады. Бірнеше күндерден кейін ата-енелері өздері болмайтын уақытта ұяны бүркемелеген өсімдіктердің шіруінен жұмыртқалар қоңыр түске боялады. 3 аптадан соң басылған жұмыртқалардан жолақты балапандар жарып шығып, денесі кеуіп үлгерместен суға беттейді. Бұл сұқсырлар жәндіктермен – су бунақденелілері, ұлулармен, т.б. қоректенеді, балық шабақтарын негізінде балапандарды қоректендіру кезеңінде аулайдыҚұстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра.

Дереккөздер

Санат:Сұқсыртәрізділер Санат:Еуразия құстары Санат:Африка құстары Санат:Солтүстік Америка құстары