Шатырақ () — шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, кейде шала бұта туысы болып та табыла береді. The Plant List мәліметі бойынша туысты 77 биологиялық түр құрайды, Қазақстанда 24 түрі бар. Олар республиканың Батыс шекарасынан Алтайға дейінгі кең байтақ жеріне, сондай ақ Тянь-Шаньға, Бетпақдалаға, Балқаш маңында тараған. Орман алқабында, бұталар арасында, тастақты тау бөктерінде, борпылдақ топырақты жерлерді, жартас жарықтарында өседі. Маусым мен шілде айларында гүлдейді. Биіктігі 10-120 см. Сабағы қырлы болып келген. Жапырағы қауырсын тәрізденіп, тілімденген. Гүлі ақ, сарғыштау, кейде сәл қызғылт тартқан, шатыршаға ұқсаған, шоқтанған. Жемісі - қос дәнек. Құрамында куарин, хромон, флавоноид бар, сондықтан медицинада қолданылады.

Кең таралған түрлері Кең таралған екі түрі бар: Көпгүлді шатырақ () Өткірұшты шатырақ ()Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-

Дереккөздер

Санат:Шатыршагүлділер