Тікенді шағыртікен, тікенді татыршөп () – астралылар тұқымдасының шағыртікен туысына жататын екі жылдық шөптесін өсімдік. Географиялық таралымы Ресейдің еуропалық бөлігінде, Орта Азия елдерінде, Кавказда таралған. Қазақстанда Маңғышлақ, Жамбыл, Алматы, Талдықорған, Семей, Шымкент облыстарында тараған. Қоқыс арасында, тыңайған және игерілген жерлерде, құмда өседі. Сипаты Шілде және Тамыз айларында гүлдейді. Биіктігі 30-200 см. Сабағы түзу, түкті, жапырағы қауырсын не қалақ тәрізді, жиектері тікенді келегн. Гүлі қызыл күлгін, ақшыл күлгін, қызғылт күлгін түстес болып келген. Гүлшоғыры қорапша тәрізді. Жемісі дәнек. Құрамында илік заттар өте көп. Дәрілік, шірнелі өсісдік. Сол себепті де, мал азығы болып ауыл шаруашылығында қолданылады.Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-

Дереккөздер

Санат:Күрделігүлділер Санат:Еуразия флорасы Санат:Арамшөптер