Гошма () — әзірбайжан әдебиетіндегі өлең өрнегі, он бір буынды өлшем. Өлең төрттармақты бес шумақтан тұрады. Бірінші шумақта аттамалы ұйқас (абаб) қолданылып, одан кейінгі шумақтарда алғашқы үш тармақ өзара үйлесіп, негізгі ұйқас төртінші тармақта қайталанып, "дддб", есебі түрінде жалғасып отырады. Бұл үлгіні ерте замандардан бастап ашугтер қолданып келген. Әзірбайжанның жазба әдебиетінде XVI-XVII ғасырларда орныққан Хатай, Амани және басқа да ақындар поэзиясында кездеседі. Силлабикалық өлең жүйесінде XVIII ғасырда Вагиф шығармалары арқылы тараған.Әдебиеттану терминдер сөздігі / – 3-ші бас. . - Семей-Новосибирск : Талер-Пресс, 2006 . - 400 б. - – 9965-776-24-5

Дереккөздер

Санат:Әдебиет жанрлары Санат:Әзербайжан мәдениеті