Решат Нури Гүнтекин () (25 қараша 1889, Ыстамбұл, — 13 желтоқсан 1956, Лондон) — роман, әңгіме және драмалық шығармалар дүниеге әкелген түрік жазушыларының таңдаулыларының бірі.
Ыстамбұлда өмірге келген. Әдебиет факультетін бітіріп, оқытушы болып жұмыс істеген. Біраз уақыт депутат та болған. Бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында жазушылықпен айналыса бастады. 1922 жылы Решат Нуридің "Бозторғай" романы жарияланды. Анадолы өмірінің маңызды мәселелерін түрлі типтер арқылы қызуқанды, табиғи таза тілмен баяндайды. "Бозторғай" романы түрік әдебиетінің ең таңдаулы шығармаларының қатарынан орын алды. Жазушы әңгімелерінде де Анадолы өмірін сатиралық мәнерде суреттеген
Дереккөздер
Санат:25 қарашада туғандар Санат:1889 жылы туғандар Санат:13 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1956 жылы қайтыс болғандар