«Жанжалқорлар» (ағыл. Hellbenders) — американдық режиссер Дж.Т.Петтидің 2012 жылы шығарған қорқынышты фильм. Фильмнің премьерасы Торонтода фестивальда 2012 жылы 9 қыркүйек күні болды.
Сюжет Бір топ дін қызметшілері жын–шайтандармен күрес жүргізеді. Олардың мақсаты Құдайдың кешіріміне лайық бoлу немесе ізгі істер жасау емес. Олар әр күні көптеген күнә жасайды– ішеді, ұрлық жасайды, наша шегеді. Олардың мақсаты–күнәменен жын–шайтандарды өзіне кіргізіп, ал сосын барып өлтіру. Бірақ бір күні оларға қарапайым шайтан емес, ібілістің өзі келеді. Сосын фильм кейіпкері Элизабетті бүкіл топ болып құтқарады.
Рөлдерде Клэнси Браун — әке Ангус дін қызметшілерінің тобын басқарады. Клифтон Коллинз–кіші — фильмде Лоуренс. Андре Ройо — Стивен. Робин Рикун — фильмде Элизабет. Осы кейіпкерді фильм бойы құтқаруға тырысады. Дэн Фоглер — есалаң семіз. Оның көңіл–күйі үнемі керемет, Жұмыс ол үшін нағыз мерейтой. Стивен Геведон — Клинт.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:2012 жылғы фильмдер Санат:АҚШ қорқынышты фильмдері Санат:АҚШ кинокомедиялары Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Комедиялық қорқынышты фильмдер