Қазақтың 100 әні Атауы: Жас қайың Орындаушы: Индира Расылхан Авторы: Мұқағали Мақатаев

Ән тарихы

Мұқағали – қазақ тарихында өзiндiк өшпес мұра қалдырған поэзия алыбы. Жыр алыбының өз жырларында туған жерiне, елiне, отанына деген махаббатын көремiз.Осындай табиғатының ғажаптығын әнге қосқаны тағдырына деген алаңдаушылықтан болар!Бiздердi де сүюге шақырып оны аялап, келер ұр­пақ­­қа қалдыруды аңсайды.Оның бiрде қайыңмен тiлдесiп, тiптi жанын алмастырғысы келгенi тектен-тек емес-ау? 1924 жылдың желтоқсан айының 20 жұлдызындадүниеге келген бұл өлеңге жай оқырман тұрмақ, поэзияның екiншi тау тұлғасы Қадыр аға қатты қызыққанын арада отыз жылдан соң «Иiрiм» кітабынан оқыдық. Ал Мұқағалидың қайың туралы бұл бiрiншi жыры емес. Алғаш поэзия әлемiне енген кезiнде емiрене жазған «Жас қайың» деген екi шумақ өлеңi және бар. Жапырақ жүрек жас қайың, Жанымызды айырбастайын! Сен адам бола бастасаң, Мен қайың бола бастайын, Келiсемiсiң, жас қайың! Қайыңмен жанын алмастырып, қайың боп өмiр сүр­гiсi келгенi, тамырын тереңге жайып, саясында таза ауамен тыныстасын талай жан дегiсi келген болар! Ұрпағының экологиясы бұзыл­ған заманда өмiр сүрерiн сезген болар! Өзiнiң аз ғана ғұмырындағы қал­дыр­ған әр өлеңi – бiр елдiң мұрасындай!

Автор туралы Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Ол 1931 ж. 8-ші наурызында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты — Мұхаметқали. Әкесі қарапайым шаруашы: колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері — Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады («Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?»). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.

Әннің сөзі Жапырақ жүрек жас қайың! Жанымды айырбастайын. Сен адам бола бастасаң, Мен қайың бола бастайын. Келісесің бе, жас қайың? (Көрінер, мүмкін, кімге ерсі), Өміріңді маған бір берші! Дүрбелең мына дүниені, Адам көзімен бір көрші. Қайың боп мен де бағайын, Орманнан орным табайын. Беймәлім маған өмірге, Қайың көзімен қарайын. Сен-дағы жерден нәр алдың, Мен-дағы жерден нәр алдым. Біреуден сен де жаралдың, Біреуден мен де жаралдым. Тілің жоқ, жанды қайың сен, Айырмашылығым — Адаммын Мендегі бары бір жүрек, Беріпті жүрек саған мың. Сондықтан ұзақ жасайсың — Құрдасы келер заманның. Бар-жоғы менде бір жүрек, Ол өлсе — мәңгі кеткенім. Сендегі семсе мың жүрек, Келгенде жасыл көктемің, Тірілер қайта дүркіреп. Жапырақ жүрек жас қайың! Жанымызды айырбастайық. Адам боп жүрсең қасқайып, Тәуекел, айырбастайық! Өмірге өмір жалғасып, Анамыз жерге жармасып. Бірде адам, бірде қайың боп, Сүрейік өмір алмасып…

Сілтемелер http://almaty-akshamy.kz/2012/09/08/%D0%B0%D2%9B-%D1%88%D1%8B%D1%80%D0%B0%D2%9B-%D0%B6%D1%8B%D1%80%D0%BB%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D0%BD-%D1%81%D0%B5%D0%BDi-%D0%B6%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D0%BF/ http://www.tarih.spring.kz/kk/history/postwar/figures/makataev/ https://www.google.kz/webhp?sourceid=chrome-instant&ion=1&espv=2&ie=UTF-8#q=%D0%B6%D0%B0%D1%81+%D2%9B%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D2%A3+%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D1%8B http://bilimhttps