Хорхе Ресурексьон Меродио (исп. Jorge Resurrección Merodio; 1992 жылдың 8-нші қаңтарында Испания, Мадрид қаласында дүниеге келген) одан басқа Коке атты есіммен танымал (исп. Koke) — испандық футболшы, «Атлетико Мадрид» клубының жартылай қорғаушысы.

Мансабы Мадридте туылып өскен болатын. Бала 8 жасқа жеткен кезінде «Атлетико Мадрид» клубының академиясына түскен. 2008 жылы Атлетиконың резервтік командасына кірген. 2009 жылы өзінің ең алғаш ойынын «Альмерия» клубына қарсы ойын көрсеткен, сол ойында тек қана 10 минут ойын көрсеткен. Бүкіл сезон бойы тек қана 3 матчқа қатысқан. Ал 2010 жылы Атлетико Мадрид құрамында ойын көрсетіп Еуропа лигасын және УЕФА Суперкубогын утып алды. 2012 жылы осы жетістіктеріне қайта жетті. 2013/14 сезонында Коке Атлетико Мадрид командасымен Испания чемпиондары атанды. 2013 жылы Коке өз командасымен Испания кубогын алу үшін, финалда мадридтік Реалды жеңіп жеңіске жетті.

Клубтық статистика Клуб Мезгіл Ойын Гол Атлетико Мадрид 2009/10 4 0 Атлетико Мадрид 2010/11 19 2 Атлетико Мадрид 2011/12 40 2 Атлетико Мадрид 2012/13 48 3 Атлетико Мадрид 2013/14 58 7 Атлетико Мадрид 2014/15 48 4

Жетістіктері Атлетико Мадрид Еуропа лигасының жеңімпазы (2): 2010, 2012, 2018 УЕФА Суперкубогын иеленуші (2): 2010, 2012 Испания Кубогын иеленуші (1): 2013 Испания Суперкубогын иеленуші (1): 2014 Ипания чемпионы (1): 2013/14 УЕФА Чемпиондар Лигасының финалшысы (1): 2013/14, 2015/16 21 жасқа дейінгі Испания ұлттық құрама командасы Еуропадағы жастар арасындағы чемпионатының жеңімпазы: (1): 2013

Санат:Испания футболшылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары