Джозеф Джейсон Намакеаха Момоа (; 1979 жылы 1 тамызда Гонолулу, АҚШ-та өмірге келген) — актер. Ең әйгілі рөлдері: «Конан Варвар» фильмінде Конан, «Тақтар ойыны» телехикаясында Дрого, «Жұлдызды қақпа: Атлантида» телехикаясында Ронон Декс.

Өмірбаяны 1979 жылы 1 тамызда Гонолулу, Гавайида өмірге келген, содан кейін Норвол, Айова штатына көшіп анасымен тұрады. Колледждың соңғы сыныбында оқуын тоқтатып, Гавайиға оқуын бітіру үшін қайтып кетеді. Оны әйгілі дизайнер Такэо байқап, өзіне модель ретінде шақырады. 1999 жылы ол «Гавайиның үздік моделі» атағына ие болады және Гавайидағы «Miss Teen USA» байқауын жүргізген. 1999 жылы актер мансабын бастайды. «Малибу құтқарушылыры» телехикаясындағы 10-11 маусымында ойнаған. 2004 жылы «Джонс отбасының демалысы» фильмінде түседі. 2005 жылдан бастап «Жұлдызды қақпа: Атлантида» телехикаясында Ронон Декстың рөлін ойнайды. 2007 жылы Джонард Аланның «Pipeline», 2011 жылы «Конан Варвар» фильмінде басты рөлін сомдайды, ал 2010 жылы «Тақтар ойыны» телехикаясында.

Жеке өмірі Джейсон Момоа - буддизмның ұстанушысы. Тибетке жиі барып тұрады. Жақсы көретін істері: тауға шығу мен сурет салу. Джесон Лиза Бонимен азаматтық некеде, екі баласы бар: Лола Иолани, Накоа Вулф

Фильмография Жыл Қазақша атауы Шын аты Рөлі1999—2001сМалибу құтқарушыларыBaywatchДжейсон Иоэйн2003тфГавайи тағдырыBaywatch: Hawaiian WeddingДжейсон Иоэйн2003тфБасы айналдырылғанTempterКала2004фДжонс отбасының демалысыJohnson Family VacationНаварро2004—2005сСолтүстік жағаNorth ShoreФрэнки Сью2005—2009сЖұлдызды қақпа:АтлантидаStargate: AtlantisРонон Декс2007фКаналPipeline2009сОйынThe GameРоман2010қысBrown Bag Diaries: Ridin' the Blinds in B MinorМайки2011сIn the Qube 3D2011фКонан-варварConan the BarbarianКонан2011—2012сТақтар ойыныGame of ThronesКхал Дрого2012фТоқтаусызBullet to the HeadКиган2014фПаломаға жолRoad to PalomaВолк2014сМас әңгімеDrunk HistoryДжим Торп2014фҚасқырларWolvesКоннор2014фРетке келтіруDebugЙэм2014—2015сҚызыл жолThe Red RoadФиллип Копус2015фҚант тауыSugar MountainДжо Брайт2016фЖаман партияThe Bad BatchДжо2016фБэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңыBatman v Superman: Dawn of JusticeАртур Карри / Аквамен2016—2018сШекараFrontierДеклан Харп2017фБір күні ВенециядаOnce Upon a Time in VeniceӨрмекші2017фӘділет Лигасыimdb.com. Лига справедливостиThe Justice League Part OneАртур Карри / Аквамен2018фЖабайыBravenДжо Брейвен2018фkinokor.kz. Акуамен киносы AquamanАртур Карри / Аквамен2019мфЛего. Фильм 2The Lego Movie 2: The Second PartАртур Карри / Аквамен2019 — қ.у.сКөруSeeБаба Восc2021сЗак Снайдердің Әділет Лигасыkinopoisk.ru. Лига справедливости Зака СнайдераZack Snyder's Justice LeagueАртур Карри / Аквамен2021фДюнаDuneДункан Айдахо2021фСүйкімді қызSweet GirlКупер2022сБітімгерPeacemakerАртур Карри / Аквамен2022фСоңғы аңшылықThe Last ManhuntДәу Джим

Дереккөздер