Ридо сарқырамалары, ағылш. Rideau Falls — Канаданың Оттава қаласында орналасқан екі сарқырама. Ридо өзенінің Оттава өзеніне құяр жерінде орналасқан. Екі сарқыраманың маңында Жасыл арал (Green Island), оның оңтүстігінде ескі қалалық ратуша (Old City Hall) орналасқан. Батысында Ұлттық зерттеу кеңесінің штаб-пәтері (National Research Council), шығысында — «Канада Павильоны және дүние» ғимараты орналасқан.
thumb|right|200px
Сарқырамаға өз атауын Самуэль де Шамплен 1613 жылы берген, оның аққан көрінісі ашық пердеге ұқсайды. Осы сарқырамаға атау берілгеннен кейін, Оттавадағы көп обьектілер сарқырама атауымен байланыста болды. Сарқырамадан өту мүмкін емес болғандықтан, оны айналдыра жол салған.
thumb|right|200px
Дереккөздер Legget, Robert Ferguson (1986), Rideau Waterway, University of Toronto Press, ISBN 0802025730 Conroy, Peter (2002), Our canal: the Rideau Canal in Ottawa, General Store Pub. House, ISBN 1894263634
Санат:Онтарио сарқырамалары Санат:Алфавит бойынша сарқырамалар