Осло университеті () — Норвегиядағы ең ескі және үлкен Университет. Норвегия астанасы Осло қаласында орналасқан.

Тарихы 1811 жылы Фредерик Корольдік университеті болып қабылданды (норв. Det konglige Frederiks universtet) Дания және Норвегия патшасы Фредерик IV-нің атына қойылған. Университет құрылу уақытына байланысты Дания-Норвегиядағы екінші орында (Копенгагиялық университетінен соң). Қазіргі атауын 1939 жылы алды.

Құрылымы Осло Университеті кейнгі факультеттерден тұрады: Құдайтану Заң Медицина Гуманитария Математика және жаратылыстану ғылым Стоматология Қоғамдық ғылым Ғылым білім туралы

Рейтинг Осло университеті Еуропадағы және Скандинавияда үздік университеттердің бірі болып есептеледі. Әлемдік университеттердің академиялық рейтингінде 2007 жылы Осло университеті Норвегияда бірінші орын, Еуропада 19 орын, ал әлемде 69 орын алды. Times Higher Education Supplement рейтингінде университеттің гуманитарлық факультеті Скандинавияда ең үздік факультет болды, Европада 5-інші және әлемде 16-ыншы орындар алды.

Танымалы студенттер және мұғалімдер Осло университетінде бес Нобель пермиясының  лауреаттар жұмыс істеді: Фритьоф Нансен- әлем премиясы, 1922 Рагнар Фриш- экономика, 1969 Одд Хассель- химия, 1969 Ивари Йевер- физика, 1973 Трюгве Ховальмо- экономика, 1989 Оған қоса, Осло Университетінде Рагнар Тернквест оқыған(1970 жылғы)- танымалы компьютерлік ойындарын шығарушы(Dreamfall: The Longest Journey). Кәзіргі таңда норвегиялық "Funcom" компаниясында жұмыс істейді, Осло қаласында тұрады.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Ресми сайт  (норв.)  (ағылш.)

Санат:1811 жылы құрылған оқу орындары Санат:Осло университеті Санат:Норвегия университеттері