Стендаль атындағы Гренобль 3 Университеті — Гренобль академиясының құрамына кіретін француз университеті. 1970 жылы құрылған. Университет атауы француз жазушысы Стендальдың құрметіне қойылған.

Университет құрамында 5 факультет, факультетаралық шет тілдер кафедрасы және докторантура бар.

Факультеттер:

Ағылшын тілі факультеті. Тілдер, әдебиет және шетелдік өркениеттер факультеті. Филология және өнер факультеті. Коммуникациялық ғылымдар факультеті. Тіл білімі факультеті.

Дереккөздер

Санат:Франция жоғарғы оқу орындары