Хосе Рауль Капабланка«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том (19 қараша, 1888, Гавана, Куба – 8 наурыз, 1942, Нью-Йорк, АҚШ) – кубалық шахматшы, шахматтан 2-ші әлем чемпионы (1921 жылы Ласкермен кездесуде титулды жеңіп алды, 1927 жылы Алехиннен жеңілді), шахмат теоретигі, дипломат.
1910–1930 жылдардағы әлемдегі ең мықты шахматшылардың бірі, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Өзінің ең үздік жылдары Капабланка қателіктер жібермейтін «шахмат машинасы» атағына ие болды. Жоғары деңгейде өткен ресми кездесулерде (1909 жылдан бастап) Капабланка 34 ойында ғана жеңіліп, ал 1916 жылдан 1924 жылға дейін жеңмеген қалды.Edward Winter. Chess Records .
Өмірбаяны Шахмат ойнауды төрт жасында әкесінен үйренген. 13 жасында матчтық кездесуде Хуан Корсоны ұтып, Кубаның чемпионы атанды. 1904 жылы Нью-Йоркке келіп, университетке түседі. Ол 1906 жылы Ласкер қатысқан турнирде бірінші орын алады, 1909 жылы АҚШ-тың чемпионы Фрэнк Маршаллды ұтады. Капабланка 1911 жылы Еуропадағы Сан-Себастьян турнирінде және 1913 жылы Нью-Йоркте өткен 3 турнирде бірінші, Гаванада өткен турнирде екінші орын алды. 1913 жылы Санкт-Петербургтегі консулдық жұмысқа тағайындалады. Ресей қалаларында шахматтық сеанстар беріп, бірнеше матчтар өткізді. Берлинде Ласкермен блиц-турнир өткізіп, жеңіске жетті. Мұнан соң Нью-Йорктегі (1919), Гастингстегі (1919) турнирлерде бірінші орын алды. 1921 жылы дүние жүзі чемпионы атағы үшін өткен Капабланка – Ласкер матчында 9:5 есебімен ұтқан Капабланка әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 1922 жылы Лондонда өткен турнирде бас жүлдені еншіледі. 1927 жылы дүние жүзінің чемпионы атағы үшін өткен матчта 15,5:18,5 есебімен Алехинге ұтылды. Чемпиондық атақтан айрылған соң, турнирлерге жиі қатысты. 1931 жылы Эйвені матчтық кездесуде 6:4 есебімен жеңді. Ол өз өмірінде ресми түрде 562 партия ойнап, оның 317-cін ұтып, 38-інде ұтылды, ал 207 партияны тең аяқтады"Jose Raul Capablanca. chessgames.com. Chessgames Services LLC, n.d. . Кубалық шахматшының енгізген теориялық жаңалықтары мен ойын этюдтері осы күнге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ.
Дереккөздер
Санат:Куба шахматшылары Санат:Шахматтан әлем чемпиондары Санат:Куба дипломаттары