Қостанай облысы, Қарабалық аудандық "Ғашура ана" мешіті

Ғашура ана мешіті «Ғашура ана» мешіті — Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті Ленин көшесі 11 үйде орналасқан. Ғашура ана мешітінің құрылысы 2007 жылдың күзінде басталып, 4 қаңтарда алғашқы іргетасы қойылды, ал 18 ақпанда кірпіші қаланып, 20 сәуірде аяқталған. Жалпы құрылыс жұмыстары қазан айына дейін созылып, көптен күткен мешіттің ашылу салтанаты болатын күн де келіп жетті. 2008 жылы 3 қазанда мүфти Хазреттің ақ батасымен салтанатты түрде ел игілігіне табыс етілді. Мешіт жерінің жалпы көлемі 1,6 гектар, соның ішінде 3,05 шаршы метріне брусчатка, 3,88 шаршы метріне асфальт төселінген. Мешіт ауласын көгалдандыру мақсатында 6,871 шаршы метріне жасыл шөптер, 220 шаршы метріне гүлдер егілген. Мешіт ғимаратының жалпы көлемі 1040 шаршы метр. Жоба бойынша сиымдылығы 400 орындық. Мешіт ғимаратының биіктігі 13 метр. Шығыс үлгісінде қазақша ою-өрнектерімен безендендіріліп салынған, Бас есік пен үлкен залға кіретін қосалқы екі есіктің жоғарғы жағынан Қасиетті Құран аяттары мен дұғалар өрнектеліп жазылған. Мешіт ерлер және әйелдер залынан тұрады, залдың бір бұрышында биіктігі 6 метрлік ою-өрнектерімен әсемделген мінбер орналасқан. Жалпы екі зал, кіреберіс және неке залындағы люстралардың санын қосқанда 1 үлкен және 14 кішірек люстралар орнатылған. Сонымен бірге арнайы кітапхана бөлмесі, көрікті ою-өрнектермен безендендірілген неке залы, барлық жабдықтармен қамтылған үлкен медресе бөлмесі бар, сондай-ақ толық жабдықтармен қамтылған. Ас үйі және 200 орындық асханасы бар. Жарықтандыру жүйесі ішкі, сыртқы және архитектуралық болып келеді. Мешіттің екі үлкен күмбезі және 4 шағын күмбездері бар. Үлкен күмбездің жалпы биіктігі 25 метр және алыстан менмұндалап көрінетін 40 метрлік екі мұнарасы бар. Мешіттің аумағында көгілдір отынмен жағылатын екі қазандығы бар үлкен ғимарат және үш автокөлікке арналған гараж орналасқан.

Сілтемелер http://akmechet.kz/kz/info/mechetiobl/mechetkaz011.html

Санат:Қазақстан мешіттері