Акимовка — Павлодар облысы, Павлодар ауданының құрамында болған таратылған ауыл.

Халқы 1926 жылғы санақ бойынша 169 тұрғын өмір сүрді. Ауылды негізінен лютерандықты ұстанған немістер қоныстанды.

Тарихы Акимовка ауылының негізі 1909 жылы Таврия және Екатеринослав губерниясынан келген немістерді қоныстандыру арқылы құрылғанНемцы России: населенные пункты и места поселения: энциклопедический словарь / Сост.: В. Ф. Дизендорф.-М.,"ЭРН", 2006.-472с . 1927 жылы ауыл Ефремоск ауылдық округінің құрамына енгізілді. 1929 жылы ауылда колхоз құрылды.

Дереккөздер

Санат:1909 жылы құрылған елді мекендер Санат:Павлодар ауданының таратылған елді мекендері