Бірлікүстем — Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл, Бірлікүстем ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Төле би ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км-дей жерде, Шу өзені аңғарының шалғынды сұр топырағында бетеге, жусан, селеу, күйреуік өсетін, сексеуіл шоқтары кездесетін қуаң агроклиматтық белдемде жатыр.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен18961971 2047 103,9 989 1050 106,2 982 997 101,5
Сипаттамасы Ауылда “Бірлікүстем” өндірістік кооперативі және бірнеше шаруа (фермер) қожалықтары жұмыс істейді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Шу ауданы елді мекендері