Дьердь фон Бе́кеши (Джордж) (; 3 маусым 1899, Будапешт — 13 маусым 1972, Гонолулу, Гавайи, АҚШ) — американдық физик, биофизик және физиолог, АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі. «Леопольдина» Жаратылыстану ғалымдарының неміс академиясы мүшесі. Ұлты - венгр.

Өмірбаяны Берн университетін, Будапешт университетін бітіріп (1923), Будапештте, Берлинде, Стокгольмде жұмыс істеді. 1947 жылдан АҚШ-та.

Негізгі жұмыстары Негізгі еңбектері есту биофизикасы және физиологиясы бойынша. Дыбыстық әсерлердегі ішкі құлақ құрышындағы базилярлы мембраның тербеліс заңдылықтарын ашты және есту мүшесіндегі дыбыстардың бастапқы жиілік-амплитудалық талдау теориясын тұжырымдады. Ортаңғы құлаққа дыбыс берілуді зерттеді. Адамның есту бағалау құрылғысын және, естудіңайырым шегін, әдісін ұсынды (Бекеши аудиометрі). Сүйектің дыбысты өткізгіштігін, есту кеңістіктігін және сенсорлық жүйелердің қабылдау айырмашылығын зерттеді.

Шығармалары Experiments in hearing, N. Y., 1960 Sensory inhibition, N. Y., 1967

Естелік 1979 ж. Халықаралық астрономиялық одақ Айдың арғы бетіндегі кратерге фон Бе́кеши есімін берді.

Тағы қараңыз Адам есту жүйесінің биомеханикалық моделі

Әдебиет

Санат:АҚШ физиктері Санат:АҚШ физиологтары Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Венгр ғылым академиясының мүшелері Санат:Будапешт университеті түлектері