Бейбарыс ауылдық округі — Атырау облысы, Махамбет ауданындағы әкімшілік бірлік. 2007 жылға дейін Чкалов ауылдық округі деп аталған.Құрманғазы және Махамбет аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Әкімшілік құрамы Құрамына Бейбарыс, Талдыкөл, Аққайың ауылдары кіреді. Орталығы – Бейбарыс ауылы. Барлық елді мекен Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Округ құрамында болған Қызылжар ауылы 2013 жылы таратылған.Атырау облысы Махамбет ауданының Бейбарыс селолық округінің Қызылжар елді мекенін тарату туралы
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3764 адамды (1896 ер адам және 1868 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенБұрынғы атауыХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Бейбарыс Чкалово 1837 2151 2429 2553 Аққайың Сорочинка 174 130 89 78 Қызылжар - - 87 46 Талдыкөл Редут 591 751 871 1133
Дереккөздер
Санат:Махамбет ауданы ауылдық округтері