Бала Ораз ауылы (2006 ж. дейін – КаналМахамбет ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы) — Атырау облысы Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Махамбет ауылынан солтүстікке қарай 18 км-дей жерде.

Тарихы Ауылдың Бала Ораз аталуының ерекше мәні бар. Өткен ғасырларда ауыздыға сөз бермейтін, атағы дүйім елге жайылған айтыскер Ораз ақын болды. Оның зираты бұл ауылдан 25 шақырым жерде. Бұдан үш-төрт жыл бұрын ақынның есімі осы елді мекенге берілді."Ақ Жайық" газеті. 18.04.2012

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 56 адам (33 ер адам және 23 әйел адам) болса, 2009 жылы 54 адамды (29 ер адам және 25 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 53 адамды (24 ер адам және 29 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Елді мекендегі көшелер Айша бибі көшесі

Дереккөздер

Санат:Махамбет ауданы елді мекендері