Терілі тасбақа () – дүниежүзіндегі тасбақалардың ең ірісі.

Терілі тасбақалардың саны азайып келеді. Әсіресе Тынық мұхитында соңғы жиырма жылдың ішінде саны күрт кеміп, қазір 2300 жуық тасбақа қалды. Атлант мұхитындағы популяциясы басқа жерлермен салыстырғанда әзірше тұрақты. Бірақ балық аулайтын кемелердің кесірінен тасбақалар жиі жарақаттануда, яғни болашақта ол жерде де тасбақалардың саны кемиді деген болжам бар.

Терілі тасбақалар тіршілік ету ортасын жиі ауыстырып тұрады. Олар Атлант мұхитынан Тынық мұхитына, Тынық мұхитынан Атлант мұхитына көшіп тұрады.

Терілі тасбақалардың сүйектері мен шеміршектерін қанмен қамтамасыз ету жүйесі ерекше дамыған. Ол тасбақаның дене температурасынан бірнеше градус жоғары көтеріп, салқын суға төзімді болуға мүмкіндік береді.

Терілі тасбақаның ұзындығы 180 сантимертге дейін жетсе, салмағы 500 келіге дейін тартады. Алдыңғы ескекаяқтарын жазған кездегі ұзындығы – 5 метр.

Терілі тасбақалар жақсы жүзеді, суда жүзу арқылы алыс сапарларға шығады.

Медузалармен, шаян тәрізділермен, басаяқты моллюскілермен, ұсақ балықтармен қоректенеді.

Осы тасбақалар ғана 1500 метр тереңдікке сүңгіп, су астында 35 минут бола алады.

Қызықты ақпарат Ұзындығы 2,2 м-ге дейін жететін бұл алып жануар мұхитта жылына 16 000 км жол жүреді. Оның сүйікті коректерінің бірі — медуза.

Терілі тасбақалар Атлант, Тынық, Үнді мұхиттарының тропиктік және қоңыржай белдеулеріндегі су айдындарында кездеседі.Ж 27 ЖАНУАРЛАР. - Алматы: «Аруна» баспасы. - 208 бет. - Сер.: «1100 қызықты дерек».

Дереккөздер

Санат:Тасбақалар‎