Бормида (итал. Bormida) — бастауын Лигурий тауларынан алып, кейін Пьемонт әкімшілік аймағы бойынша ағып өтіп, Танаро өзеніне құятын Италияның солтүстік-батысындағы өзен.

Өзеннің ұзындығы 154 шақырымды қамтиды, су алабының ауданы 3 мың км²-тың шамасында.

1800 жылы Бормида өзенінің маңында Аустрия мен Францияның арасындағы Наполеон Бонапарттың екінші кампаниясының ақтық шайқасы болып өткен, шайқастың нәтижесінде аустриялық әскер жеңілгенін мойындап, Италиядан біржола кеткен .

Өзеннің жағалауында Миллезимо коммунасы орналасқан.

Дереккөздер ↑ Бормида // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.

Галерея

Санат:Италия өзендері Санат:Алфавит бойынша өзендер