Эдгар Дуглас Эдриан (), бірінші барон Эдриан (30 қараша 1889, Лондон, Ұлыбритания — 4 тамыз 1977) — британдық физиолог, жүйке жүйесін зерттеуші, «нейрондар функциясына қатысты ашылулары үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1932 жылғы лауреаты (Чарлз Шеррингтонмен бірге).
Лондон корольдік қоғамының мүшесі (1923) және президенті (1950—1955). Негізгі еңбектері сезім мүшелері және жүйке жасушаларының электрофизиологиясына арналған. Физиологиялық зерттеулерде электроника қолдануға жол салған тамаша зерттеуші ретінде белгілі. Алғаш рет жалғыз жүйке талшықтарына және жүйке ұштарынан эксперименттер өткізді. 1934 жылдан ми электрофизиологиялық зерттеумен және бұзылған функцияларын зерттеумен айналысты. Жекелеген жүйке жасушаларындағы электр белсенділігін тіркеді.
Қызықты жәйттер Автомобильді жылдам жүргізумен және альпинизмен айналысқан.
Сілтемелер Эдгар Эдрианның Нобель комитетінің сайтындағы өмірбаяны.
Санат:Ұлыбритания физиологтары Санат:Ұлыбритания нейробиологтары Санат:Кембридж университеті түлектері Санат:Лондон корольдік қоғамы Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері
Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (Ұлыбритания) ] Санат:Копли медалінің иегерлері Санат:Корольдік қоғамның президенттері Санат:Корольдік медаль иегерлері