Қарасу, Қырыққұдық өзегі – Көксеңгірсор алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақмола облысының Біржан сал ауданы және Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Қырыққұдық ауылынан оңтүстік-батыста 8 км жерде алып, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қазанғап ауылынан төменде Көксеңгірсор көліне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 96 км, су жиналатын алабы 1200 км2. Жоғарғы аңғары айқын қалыптаспаған, ортаңғы және төменгі ағысында ені 1,5-2 км-ге дейін жетеді. Беткейлері құлама, кей жерлерінде тік жарлы. Жайылмасының ені 0,1-0,3 км. Арнасы Қырыққұдық ауылына дейін анық білінбейді. Орта ағысында ені 10-30 м, биіктігі 0,5-2 м, төменгі ағысында ені 15-20 м, биіктігі 2-5 м. Көп жылдық орташа су ағымы Қарасу ауылы тұсында 0,080 м3 /с. Сағасынан 43 км жоғарыда мал суаруға арналған ұзындығы 0,8 км, ені 20-50 м, тереңдігі 1 м-ге жететін кішігірім Шамған тоғаны бар. Тоған бөгетінің биіктігі 1,5 м.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Біржан сал ауданы өзендері Санат:Уәлиханов ауданы өзендері