Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалайтын халықаралық бағдарлама (, , қысқаша PISA) — Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әр үш жыл сайын өткізетін әлем елдері арасында 15 жастағы жасөспірімдердің оқу, математика және жаратылыстану сауаттылығын бағалайтын халықаралық салыстырмалы зерттеуі. PISA 15 жастағы білім алушылардың шынайы мәселелер мен міндеттерді шешу үшін әлеуметтік және экономикалық өмірге толыққанды қатысуға қажет білім мен дағдыларды пайдалануға қаншалықты дайын екенін бағалайды.

Зерттеу жүйесі PISA үш негізгі бағытты бағалайды: оқу, математика және жаратылыстану сауаттылығы. PISA-ның әрбір циклінде бір «негізгі бағытқа» басым назар аударылады және тестілеу уақытының көп бөлігі осы бағытқа жұмсалады. 2022 жылы зерттеудің негізгі бағыты ретінде математикалық сауаттылық анықталды және негізгі үш бағытпен қоса «креативті ойлау» инновациялық домені бағаланды.

PISA білім алушылардың нені білетіндерін анықтап қана қоймай, сондай-ақ алған білімдерін мектепте және одан тыс таныс емес жағдайларда қандай деңгейде қолдана алатындарын зерттейді.

Зерттеу тарихы PISA зерттеуі 2000 жылдан бастап әр үш жыл сайын өткізіледі. Бастапқыда сегізінші цикл 2021 жылға жоспарланған болатын, бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты көптеген білім беру жүйелері тап болған қиындықтар мен шектеулерді ескере отырып, зерттеу 2022 жылға шегерілді.

Зерттеу шеңбері PISA зерттеуінің мақсаты – білім алушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағыттары бойынша құзыреттерін бағалау.

Математикалық сауаттылық білім алушылардың математикалық ойлау қабілеті және шынайы әлемнің әртүрлі контекстерінде мәселелерді шешу үшін математикалық білімі мен дағдыларды тұжырымдау, қолдану және түсіндіру қабілеті ретінде анықталады. Оған құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және болжау үшін ұғымдар, процедуралар, фактілер және құралдар кіреді. Мұндай сауаттылық негізделген пікірлер мен шешімдер қабылдауға, сондай-ақ сындарлы, белсенді және ойшыл 21 ғасыр азаматтары болуға көмектеседі.

Оқу сауаттылығы — өз мақсаттарына жету, өз білімі мен әлеуетін дамыту және қоғам өміріне белсенді қатысу үшін мәтіндерді түсіну, пайдалану, бағалау, ойлау және олармен жұмыс жасау қабілеті

Жаратылыстану сауаттылығы — ойшыл азамат ретінде жаратылыстану ғылымына қатысты сұрақтармен және ғылыми идеяларымен айналысу қабілеті. Жаратылыстану бағыты бойынша сауатты адам ғылым мен технология туралы дәйекті талқылауға қатысуға дайын тұрады, ал бұл өз кезегінде құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру, ғылыми зерттеулерді бағалау және әзірлеу, деректер мен дәлелдемелерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру құзыреттерін талап етеді.

PISA сондай-ақ білім алушылардың инновациялық бағыттары бойынша құзыреттер бағаланады. Мысалы, 2018 жылы қосымша инновациялық бағыт ретінде жаһандық құзыреттілік болды, ал PISA-2022 зерттеуінде білім алушылардың креативті ойлау бойынша дағдылары бағаланды.

PISA зерттеуінің құрамдас бөліктері

Бағалау 2015 жылдан бастап PISA зерттеуі көптеген елдерде/аумақтарда компьютерлік форматта жүргізілді.

Әр білім алушыға берілген тестілеу уақыты екі сағатты құрады.Тест тапсырмаларының жалпы көлемі төрт бағалау бағытының (яғни, үш негізгі бағыт және инновациялық бағалау бағыты) екеуінің әр түрлі комбинациясын білдіретін алты түрлі тест формаларынан тұрды.

Сауалнама Барлық білім алушылар тестілеуден бөлек сауалнамаға жауап береді және оны толтыруға шамамен 35 минут уақыт бөлінеді. Сауалнама білім алушылардың көзқарастары мен сенімдері, олардың үйдегі және мектептегі жағдайлары, оқу тәжірибесі туралы ақпарат жинайды.

Сауалнамаға зерттеуге қатысатын білім беру ұйымының директорлары да қатысады. Директорлар мектепті басқару мен ұйымдастыруға, сондай-ақ білім беру ортасына қатысты сауалнама толтырады.

PISA-2022 зерттеуінің іріктемесі PISA-2022 зерттеуінде екі кезеңнен тұратын стратификацияланған іріктеме қолданылды.

Бірінші кезеңде 15 жастағы білім алушылар оқитын білім беру ұйымдары іріктелді. Білім беру ұйымдары 15 жастағы білім алушылардың болжамды мөлшеріне пропорционалды таңдау ықтималдығымен жүйелі түрде іріктелді. Әр елде кемінде 150 білім беру ұйымы іріктеледі.

Іріктеменің екінші кезеңінде таңдалған білім беру ұйымдарының білім алушыларыіріктеледі. Білім беру ұйымдары таңдалғаннан кейін, әрбір іріктелген білім беру ұйымының 15 жастағы білім алушылар тізімі дайындалды. Содан кейін бұл тізімнен тең ықтималдықпен 42 білім алушы таңдалды (егер білім беру ұйымындағы 15 жастағы білім алушылар саны 42-ден аз болса, іріктемеге барлық білім алушылар кірді).

Қатысушылар PISA зерттеуі белгілі бір жастағы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалайды. Зерттеуді өткізу кезінде қатысушылардың жасы 15 жас 3 айдан 16 жас 2 айға дейін болып, олар 6-сыныпты аяқтау қажет. Іріктеме елдегі мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымдарында оқитын 15 жастағы білім алушылардың барлығын қамтыды. 15 жастағы балаларды таңдау көптеген елдерде міндетті білім беру деңгейі осы жаста аяқталуымен түсіндіріледі.

Қатысушы елдер мен аймақтар PISA әлемнің көптеген аймақтарында бағалау құралы ретінде қолданылады. Зерттеу цикліҚатысушы елдер мен аймақтар саны200043200341200657200975201265201572201879202281

Нәтиже PISA 2018 жыл МатематикаҒылымОқу1591256935584551553165277526852395191051611515125121350914509155081650717502185021950120500215002249923499244962549626495274952849429492304913148832487334863448335481364813748138478394724047241464424634345444453454514645147448484404943750436514355243053430544305542356421574205841959418604176141462409634066440265400664006739868394693937039171384723797337974373753687636677353783537932515902551354445435530652975228519951810517115161251113508145071550516503175031850319502204992149922497234962449525493264932749228490294903048731483324823348134478354773647537472384713946940468414684246443462444574545246444474404843949438504345143152429534285442655426564265742458419594196041761416624156341364413654046640467404683986939870397713967238673384743837537776365773657835779336155525493525452455236520652085189514105121150612506135051450515504165041750318503195012049921498224952349324493254922649027485284842948430479314793247933476344763547636474374743847039470404664146642458434574445245448464394743248428494275042651424524245342154420554205641957415584135941260408614076240563403644026540166399673936839369389703877138072377733717435975353763537734278340   

PISA 2015 MathsScienceReading15642548354445425532653175248521952010516115121251113511145101550716506175041850419502204972149522495234942449425 49426493274922849229492304903148832486334863448235479364783747738475394704047041464424604345444446454444644147437484274942350420514205241853418544175541556413574095840859404604026140062396633906438765386663806737768371693677036271360723281556253835344532553165297528852595231051811516125131351314510155091650917509185061950320502215022250123501244982549626 4952749528493294933049331490324873348334481354773647537475384733946740465414614245643455444474544646443474374843549435504335143252428534275442555425564215742058418594166040461411624116340964403654016639767386683866938470378713767233215352527352745265521651975178516951310509115091250913506145051550316503175001850019499204992149822498234972449725 4962649527494284922948830487314873248733485344853548236481374793847239470404674145942453434474444345437464344743448432494315042851427524275342754427554255642557423584165940960408614076240563402644016539866397673616835869352703507134772347

PISA 2012 жыл Білімгерлер қабілетін бағалаудың халықаралық бағдарламасы бойынша мүше мемлекеттер рейтингісі (2012)МатематикаҒылымОқу1 Қытай, Шанхай6132573356145605554653875368535953110523115211251913=51813=518155151651417511185061950420=50120=50122=50022=5002449925495264942749328491294903048931487324853348434=48234=482364813747938478394774047141466424534344944448454454644047439484344943250427514235242153413544105540956407573945839159=38859=3886138662=37662=37664375653681 Қытай, Шанхай5802555355145475545654175388528952610=52510=525125241352314=52214=52216=52116=521185161951520=51420=5142250823506245052550226499274982849729=49629=4963149532=49432=49434=49134=4913648937486384853947840471414704246743463444484544646=44546=4454844449439504385142952425534205441655415564105740958406594056039961398623976338464382653731 Қытай, Шанхай5702, 54535424538553665247=5237=5237=5231051811=51611=51613=51213=5121551116=, China50916=50916=50919=50819=50821505225042349924498254962649327=49027=4902948930=48830=48830=48830=488344863548536=48336=4833848139=47739=47741=47541=4754346344449454464644247=44147=44147=4415043851436524245342254411554105640457403583995939860=39660=39662394633936438865384

Орталықтың ақпарат көздері OECD/PISA website OECD (1999): Measuring Student Knowledge and Skills. A New Framework for Assessment. Paris: OECD, ISBN 92-64-17053-7 OECD (2001): Knowledge and Skills for Life. First Results from the OECD Programme for International Student Assessment (PISA) 2000. OECD (2003a): The PISA 2003 Assessment Framework. Mathematics, Reading, Science and Problem Solving Knowledge and Skills. Paris: OECD, ISBN 978-92-64-10172-2 OECD (2004a): Learning for Tomorrow's World. First Results from PISA 2003. Paris: OECD, ISBN 978-92-64-00724-6 OECD (2004b): Problem Solving for Tomorrow's World. First Measures of Cross-Curricular Competencies from PISA 2003. Paris: OECD, ISBN 978-92-64-00642-3 OECD (2005): PISA 2003 Technical Report. Paris: OECD, ISBN 978-92-64-01053-6 OECD (2007): Science Competencies for Tomorrow's World: Results from PISA 2006 Сыртқы сілтемелер PISA OECD (1999): Measuring Student Knowledge and Skills. A New Framework for Assessment. Paris: OECD, ISBN 92-64-17053-7 OECD (2014): PISA 2012 results: Creative problem solving: Students’ skills in tackling real-life problems (Volume V) Interactive world map of PISA results Teaching And Learning International Survey (TALIS) Trends in International Mathematics and Science Study (TIMSS) Gender gaps in mathematics and reading in PISA 2009

Бейнеқойылым PISA: Measuring student success around the world

Дереккөздер

Санат:Педагогикалық психология Санат:Білім беру Санат:Орта білім Санат:Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы