Құмкөл — Нұра алабындағы көл.
Географиялық орны Ақмола облысы, Қорғалжын ауданының солтүстігінде, Құмкөл ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 330 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 6,5 км2, су жиналатын алабы 119 км2. Ұзындығы 4,2 км2, енді жері 1,7 км, жағалау бойының ұзындығы 18,4 км. Еріген қар және жер асты суларымен толысады. Шығысындағы шығанаққа жазда кеуіп қалатын жылға құяды. Суы тұщы, мал суаруға пайдаланылады.
Жағалау сипаты Көлдің жағалауы жайпақ, пішіні күрделі келген. Оңтүстігінде және шығысында 2 шығанақ бар. Көлдің орта тұсының түбі лайлы, жағалауына жақын жерлері құмдауытты. Онда қамыс, құрақ өскен.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қорғалжын ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы