Желдіқара – Тарбағатай жотасының солтүстігінде орналасқан оқшау тау.

Географиялық орны Абай облысы Ақсуат ауданында орын тепкен. Бұғаз және Базар өзендерінің аралығында жатыр. Тарбағатай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде. Үштөбе елді мекеніне жақын орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1804 м. Ұзындығы 12 км, енді жері 7 км. Солтүстік беткейі көлбеу келген. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс беткейлері жарқабақты, құзды. Солтүстік-батысынан Базар өзенінің саласы бастау алады.

Геологиялық құрылымы Төменгі кембрийдің гранитоидтарынан түзілген.

Өсімдігі Тауалды бозғылт топырағында бұта аралас сұр жусанды өсімдіктер өседі. Мал жайылымына қолайлы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақсуат ауданы таулары