V Мұрат (; 21 қыркүйек 1840 – 29 тамыз 1904) — Османлы мемлекетінің 33-ші сұлтаны, Ислам халифатының 98-ші халифі, ақын, сазгер.
Өмірбаяны нобай|солға|200px|Телі V Мұрат
V Мұрат 1840 жыл османлы елордасы Ыстанбұл османлы сұлтаны I Әбділмәжит шаңырағында дүниеге келді.
Көкесі Әбділғазиз тақтан тайдырылған соң, V Мұрат таққа отырды. Жаңа сұлтан өте момын адам болды, еуропалық ағарту ісін жақтады, жаңартпаларды қалады. Мидхат паша бастаған шенеуніктер оның таққа отыруы — Османлы мемлекетінің жаңа дәуірінің басталуы деп санады.
Билеуінің 93 күні, 1876 жылдың 31 тамызында, тақтан тайдырылды. Жаңа сұлтан оның інісі II Әбділхамит болды. V Мұрат Босфор жағалауындағы Шыраған сарайына көшті. 1878 жылдың 20 мамырында бұрынғы сұлтанды таққа қайтаруды қалаған көтерілісшілер сарайға басып кірді, алайда V Мұрат таққа отыруды қаламады. Содан кейін II Әбділхамит әскері көтерілісті басты.
Ажалы 1904 жылдың 29 тамызында V Мұрат Шыраған сарайында, қамауда, қайтыс болды. Мәйіті Жаңа Уәлиде сұлтан мешітінің жаңындағы мазарда жерленді.
Садрағзамдары № Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты 250 Мүтержім Мехмет Рүшді паша 30 мамыр 1876 — 31 тамыз 1876 3 ай
Санат:21 қыркүйекте туғандар Санат:29 тамызда қайтыс болғандар Санат:Стамбулда туғандар Санат:Османлы империясының сұлтандары