«Джульетта» () — режиссер Педро Альмодовараның, канадтық жазушы Элис Манроның "Runaway" жиынтығынан алынған үш әңгімесі желісімен түсірілген 2016 жылғы испандық фильм. Прокатқа фильм Испанияда 8 сәуір 2016 жылы шықты. Сол жылдың мамыр айында Канн кинофестивалі шеңберінде көрсетілді.
Суреттеме Джульеттаның қызы белгісіз себептермен жоғалып кетеді. Оны іздеп жүріп Мадридке оралады. Бұл жер түрлі оқиғаларға толы жастық шағын есіне түсіреді. Сонымен қатар қызымен қарым-қатынасын алшақтатқан жағдай да осы жерде болған еді.Kinostan.kz "Джульетта" Рөлдерде Эмма Суарес — Джульетта Адриана Угарте — жас Джульетта Мишель Хеннер — Беатрис Инма Куэста — Ава Росси де Пальма — Мариан Дарио Грандинетти — Лоренсо Натали Поса Даниэль Грао Пилар Кастро Суси Санчес Шығуы Алғашында фильмге «Үнсіздік» () атауы берілмекші болды, сосын Альмадовар фильм атауын өзгертуді шешті, 2016 жылы шыққан Мартин Скорсезе «Үнсіздік» фильмімен шатастырып алмаулары үшін. Түсірілімдер 2015 жылдың мамыр мен тамыз айлары Испанияның бірнеше аудандарында (Мадридте, Уэльва провинциясында,Андалусияда және Галисияда) түсірілді.
Дереккөздер