Спартак (, ) (шамамен б. з. д. 110 жылВалентин Лесков. Спартак. М.: Молодая гвардия, 1987), Фракия — б. з. д. 71 жыл шамамен Силари өзенінің маңы, Апулия) — римдіктерге тұтқынға түсіп, кейін құл-гладиаторға айналған бұрынғы фракиялық жауынгер. Қазіргі Италия аумағында б. з. д. 74 жыл — б. з. д. 71 жыл аралығында көтеріліс басқарды. Қашқын гладиаторлар мен құлдардан құралған оның әскері бірқатар шайқаста бірнеше рим легиондарын, соның ішінде екі консулдық армияны қиратты. Бұл оқиғалар тарихқа уақыты бойынша бірінші және екінші Сицилиялық көтерілістерінен кейінгі Римдегі үшінші ең ірі құлдар көтерілісі болған Спартак көтерілісі ретінде енеді. солға|нобай|б.з.д. 71 ж. басындағы оқиғалар. Көк түспен Спартак күші, қызылмен Красс легиондары көрсетілген
Дереккөздер
Санат:Спартак