Бестерек — Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл, Бестерек ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Үржар ауылының солтүстігіне қарай 10 км, Аягөз темір жол станциясынан 180 км жерде орналасқан.
Тарихы Іргесі 1910 жылы қаланған. 1958-93 жылдары Чапаев атындағы сүт өндіру ұжымшарының орталығы болған. Қазір оның негізінде акционерлік қоғам, шаруа қожалықтары құрылған.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1848 1811 1571 86,7 912 783 85,9 899 788 87,7
Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:Үржар ауданы елді мекендері